Атақты америкалық тележүргізуші Ларри Кинг қайтыс болды

24.01.2021 00:14

Тележүргізушіде қаңтар айының басында коронавирус инфекциясы анықталып, ауруханаға жатқызылған болатын

Фото: Getty Images/Rodin Eckenroth/Stringer

Америкалық тележүргізуші Ларри Кинг коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Бұл туралы оның Twitter-дегі парақшасында жарияланған хабарламада айтылған.

Америка телевидениесінің жарық жұлдызы Ларри Кинг атақты саясаткерлермен, бизнесмендер мен танымал тұлғалармен сұқбаттасқан. 

Тележүргізушіде қаңтар айының басында коронавирус инфекциясы анықталып, ауруханаға жатқызылған болатын. 

Ларри Кинг 88 жасында Лос-Анджелес ауруханаларының бірінде қайтыс болды.