Еуропа елдерінде шектеу шаралары алынғаннан кейін коронавирус өрши түскен

27.06.2020 в 00:18

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге мәлімдеді

Әлемдегі жағдай бойынша Еуропа елдерінде шектеу шаралары алынғаннан кейін соңғы екі аптада коронавирус жұқтыру жағдайлары көбейген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге мәлімдеді. Оның сөзінше, жаңа ауру ошақтары 30 елде байқалған. Оның ішінде 11 мемлекетте COVID-19 инфекциясының тарау қарқыны өсіпті. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, қазір Еуропада 2 млн 600 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған.