|
01.09.2022 | 19:21
2365

Әлем жаңалықтары: Испанияда соңғы 20 жылда жаумаған нөсер жауды

Ресей азаматтарының еуроаймаққа кіруі қиындайды

Әлем жаңалықтары: Испанияда соңғы 20 жылда жаумаған нөсер жауды YouTube

Украинаның Запорожье атом электр стансасы орналасқан қаласы таңертеңнен бері қарқынды атқылауға ұшырады. Бұл туралы Энергодар мэрі Дмитрий Орлов өзінің Telegram-каналында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әзірге зардап шеккендердің бар-жоғы белгісіз. Ал Еуро Одақ елдері ресейліктер үшін визалық режимді қатаңдатып жатыр. Испанияда соңғы 20 жылда жаумаған нөсер жауды.      

Ресей әскерлері жергілікті уақыт бойынша таңғы бестен бастап Энергодар қаласын үздіксіз атқылаған. Өз кезегінде Кремль оқ жаудырғаны үшін Киевті айыптап, украин әскерлерінің десантқа түскенін жариялады. Бұл қақтығыстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің миссиясына қауіп төніп тұр. Бір күн бұрын 14 адамнан тұратын делегация дәл осы Запорожьеге техникалық сынақ жүргізуге келген екен. Олар нақты жағдайды бағалап, стансаның қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етпек болатын.

Енді Ресей азаматтарының еуроаймаққа кіруі қиындайды. Олар үшін виза алу құны артады. Еуропалық Одақтың Сыртқы істер министрлері Мәскеумен визалық келісімді тоқтата тұрмақ. Бұл туралы BBC NEWS хабарлады. Ресеймен шекаралас жатқан Финляндия, Эстония, Латвия, Литва және Польша – ресейліктердің өз елдеріне кіруіне уақытша тыйым салатынын немесе шектеулер енгізетінін мәлімдеді.

Ал Каталония қаласында соңғы 20 жылда болмаған табиғи құбылыс. Испанияның оңтүстік-шығысында орналасқан аймақта ірі бұршақ жауды. Соның салдарынан бір бала көз жұмды. Ал ондаған адам медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған. Куәгерлердің сөзінше, бұршақ шатырларды тесіп, көліктерді зақымдап, электр желілерін үзген. Метеорологтар алдағы уақытта желдің екпіні артып, тіпті торнадо болу мүмкін екенін ескертеді.

Жадыра Омаржан, Мақсат Күнібек, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир