|
14.02.2023 | 15:29
4316

Түркияның Қахраманмараш қаласында киіз үй тігу жұмысы басталды

«Қазақстаннан 100 киіз үй» науқанына 20 миллион теңгеден аса қаржы жиналған

Түркияның Қахраманмараш қаласында киіз үй тігу жұмысы басталды Almaty.tv

Зілзаладан ең ауыр зардап шеккен Қахраманмараш қаласында киіз үй тігу жұмысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алдағы 3-4 күнде 100-ден аса боз үй бой көтереді» дейді ұйымдастырушылар. Оны құруға елден 12 азамат аттанған. Оларға бауырлас елдегі қазақ диаспорасы да көмекке келеді. Түрік билігінің айтуынша, апат болған аумақта киіз үй қалашығы болады. Қазақстандықтар жиған жылуға аман қалған жұрт әлі де 2-3 ай  жылына алмақ. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қазақстаннан 100 киіз үй» науқанына 20 миллион теңгеден аса қаржы жиналған еді. Одан бөлек, аталған көмекке кәсіпкерлер де 50 киіз үй қосқан.

«Суық болды, өйткені қазан-ошақ жоқ. Бұйырса, 84 киіз үй, 60-қа жуық генератор және қазан-ошақ әкеле жатыр. Яғни, өмір сүруге бүкіл жағдай жасап, үйді тігіп халыққа ұсынамыз. Түрік билігінің айтуынша, осы саябаққа киіз үй тігіледі де, бұл киіз үйлер этно қалашық секілді қызмет атқарады», – деді журналист Нұрбек Бекбау.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир