Жанартау атқылады: Индонезияда қаза тапқандар саны 23-ке жетті

Фото видеодан алынды
Фото видеодан алынды
Құтқарушылар 50-ден астам альпинисті құтқарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Индонезияда жанартаудың атқылауынан қаза тапқандар саны 23-ке жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерапи жанартауының атқылауынан қаза тапқандар саны 23-ке жетті. Із-түзсіз жоғалып кеткен туристерді іздеуге кіріскен құтқарушылар бірнеше адамның мәйітін тапқан. Олар тағы 50-ден астам альпинисті құтқарды. Батыс Суматра провинциясы полиция бастығының орынбасары Эди Мардианто сейсенбіде бес адамның денесі табылғанын растады.

Үндістанда «Мичаунг» циклонының салдарынан болған су тасқынынан 8 адам қаза тауып, 9 жарым мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Дауыл ағаштарды жұлып әкетіп, электр желілері мен байланыс сымдарын үзген. Жазық жерлерде орналасқан кейбір елдімекендерді жартылай су басқан. Ченнай қаласындағы негізгі мемлекеттік ауруханалардың бірі жабылып, әуежай жұмысын тоқтатты. 9 миллионнан астам халқы бар мегаполис тұрғындары көшелерді қайықпен айналып өтуге мәжбүр. Мектептер, колледждер және көптеген кәсіпорындар уақытша жабылды.

Кенияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 154 адамға жетті. Ел үкіметінің ресми өкілі Исаак Мваураның мәлімдемесіне сәйкес, Шығыс Африка елінің бірнеше бөлігінде жауған нөсер жаңбыр жолдарды шайып кеткен. Зардап шеккен аудандарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал денсаулық сақтау ұйымдары су тасқыны тырысқақ және өзге де аурулардың таралуына әкеліп соқтырғанын атап өтті. Кения жағалауындағы Ламу округінде 103 адам аталған дертке шалдығып, екеуі қайтыс болған.

Оқи отырыңыз: Кениядағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 154 адамға жетті

Новости партнеров