Түркияның батысында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болып, 4 адам қаза тапты

31.10.2020 02:09

Жер сілкінісі Эгей теңізінің жағалауында тіркелген

twitter.com/hasan1968

Түркияның батысында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болып, 4 адам көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген. Зілзала ошағы - 16,5 шақырым тереңдікте. Жер сілкінісі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген. Түркия ІІМ хабарлауынша, зілзала салдарынан Измир қаласының Борнова және Байраклы аудандарында алты тұрғын үй қираған. Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.