Бойжеткен төрт жылдан бері джиу-джитсумен айналысып жүргені анықталды
Бразилияда тонаушы жас қыздың телефонын тартып алмақ болады, алайда бірнеше секундтан кейін аяушылық танытуын сұрап жалбарынады, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Қыз тонаушыны тез қуып жетіп, жерге атып ұрған.
Бойжеткен төрт жылдан бері джиу-джитсумен айналысып жүргені белгілі болды. Ол жолы болмаған ұрыға қолын оңай сындыра салатынын ескертті. Ер адам айқайлап, көмек сұрады, бірақ қашып құтыла алмады.
Батыл бойжеткен оны полиция келгенге дейін шамамен 20 минут бойы тырп еткізбей ұстаған. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған.