37 баланы зорлап, үшеуін өлтірген адам бостандық сұрап жатыр

37 баланы зорлап, үшеуін өлтірген адам бостандық сұрап жатыр
«Черный дельфин» колониясында жазасын өтеп жатқан қанішер-педофил еркіндік сұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сызрань қалалық соты өмір бойына сотталған педофил Олег Рыльковтың түрмеден босату туралы өтінішін қарауды бастады, деп хабарлайды sputniknews.kz порталы КТВ-ЛУЧ сілтеме жасап.

Қылмыскер ауыр науқастан зардап шегетінін айтқан. Ол іс материалдарын адвокатпен талқылауға уақыт табу үшін отырысты кейінге қалдыруды сұрады.

«Маған өзім бұрын ешқашан сөйлеспеген адамды адвокат етіп тағайындады. Меніңше адвокат іске құлшына кірісе қоймайды», – деп шағымданды ол.

Сот бұл өтінімді қанағаттандырды.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөз Рыльков бірнеше адамды өлтіргендер жазасын өтейтін «Черный дельфин» түрмесіне қайтып оралу мерзімін барынша кешіктіруге тырысып жатыр деп пікір білдірді.

Олег Рыльков 6 жастан 13 жасқа дейінгі 37 баланы зорлап, 4 адамды, оның ішінде 3 баланы өлтірген. 1998 жылы қылмыскер өлім жазасына кесілді, дегенмен мораторий енгізілуіне байланысты үкім өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Новости партнеров