Ресейдің халық әртісі қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейдің халық әртісі Анатолий Торопов 92 жасында көз жұмды, деп хабарлайды sputniknews.kz порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.
«Кіші театр Анатолий Тороповтың дүниеден озуына байланысты отбасына көңіл айтады. Әртіспен қоштасу орны мен уақыты туралы кейінірек хабарлайтын боламыз», - деп жазылған театр сайтында.
Торопов Щепкин 1952 жылы жоғары театр училищесін тәмамдаған. Бұдан кейін 67 жыл бойы Кіші театрда қызмет етті. Тороповтың сүйікті авторларының бірі Александр Островский болған. Бірнеше пьесадан ойнаған, «Северная повесть», «Угрюм-река», «Хождение по мукам» фильмдеріне түсті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30