Видеоның дұрыс-бұрыстығын Bellingcat пен The New York Times журналистері тексеруде
Ирандағы Украиналық лайнердің құлауына Тегераннан ұшып шыққан баллистикалық зымыран себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Иран белсендісі Нариман Гариб Telegraмға видео жариялап осындай болжам жасап отыр. Алайда, видеоның дұрыс-бұрыстығын Bellingcat пен The New York Times журналистері тексеріп жатыр. Бұл туралы Цензор.net сайты жазды. Видеода әлдебір заттың бір-бірімен соқтығысып, артынша жарқ еткен жарықтың шыққаны анық көрініп тұр.
Еске салайық, Киевке бағыт алған Boeing 737-800 ұшағы таңғы уақытта Тегерандағы әуежайдан ұшып шығып арада бірнеше минут өткенде апатқа ұшыраған еді. Ресми мәлімет бойынша, ұшақта 176 адам болған. Оның 167-сі жолаушы болса, 9-ы экипаж мүшесі. Апат кезінде олардың барлығы да қаза тапты.