Жұмысшыға аяғын сүйгізіп, әбден қорлаған ханшайым сотталып жатыр (ВИДЕО)

Айыптаушы жақ ханшайым қолындағы билігін асыра пайдаланып, озбырлық жасаған деп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сауд Арабиясы ханшайымы Хасса бинт Салман Париждегі үйін сәндеуге жалдаған мысырлық жұмысшыны жәбірлегені үшін сотталып жатыр.

Жұмысшының айтуынша, ханшайым үйді рұқсатсыз суретке түсірмек болдың деп айыптап, ұрып-соғып, алдында тізерлетіп, аяғынан сүюге мәжбүрлеген.

Тергеу мәліметінше, ханшайымның оққағары – Рани Сайди бірнеше сағат бойы жұмысшыға жәбір көрсетіпті.

Айыптаушы жақ ханшайым қолындағы билігін асыра пайдаланып, озбырлық жасаған деп отыр.

Прокурор оны алты ай бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро көлемінде айыппұл салуды сұрайды.

Айыпталушының өзі сотқа келген жоқ, оны сырттай соттап жатыр.

Сот Францияда өтіп жатыр. Оқиға 2016 жылдың күзінде болған.

Хасса бинт Салман ханшайым – тақ мұрагері, Мохаммед бен Салман ханзаданың әпкесі.  

Дереккөз: sputniknews.kz

Новости партнеров