COVID-19-дан көз жұмғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше дүние жүзінде 15 миллион 400 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның 631 мың 811-і көз жұмса, 8 миллион 800 мыңға жуығы жазылып шықты. Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі ең көп тіркелген елдер тізімі мынадай: АҚШ-та 4 миллион 32 мың 430 адамнан ауру анықталса, Бразилияда 2 миллион 300 мыңға жуық. Үндістанда 1 миллион 200 мыңнан көп жан осы инфекцияны жұқтырған. Төртінші орында көрші Ресей тұр. Бесінші – Оңтүстік Африка Республикасы. COVID-19-дан көз жұмғандар саны бойынша да АҚШ көш бастап тұр. Одан кейін Бразилия, Үндістан, Ресей және соңғысы Оңтүстік Африка Республикасы тұр.
Графика – 1
Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі ең көп тіркелген 5 мемлекет
АҚШ – 4 032 430 адам
Бразилия – 2 287 475 адам
Үндістан – 1 238 798 адам
Ресей – 793 720 адам
ОАР – 408 052 адам
Графика – 2
COVID-19. Адам өлімі бойынша:
АҚШ – 144 167 адам
Бразилия – 84 082 адам
Үндістан – 29 861 адам
Ресей – 12 873 адам
ОАР – 6093 адам