Олардың екеуі ауыр жағдайда
Түркияның Қожаелі провинциясында 650-ге жуық азамат тауықтан жасалған донерден уланып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
БАҚ мәліметінше, оқиға 3 сәуірде Қожаелі қаласының Керфез ауданында болған. Дүкенде сатып алынған донерді жеген адамдар ауруханаға жүгінген. Олар жүрек айну, құсу секілді шағымдарын айтқан.
Бірнеше жүз адамға медициналық көмек қажет болды. Олардың екеуі ауыр жағдайда.
"Барлығы 648 адам провинцияның ауруханаларына улану шағымымен жүгінді. Оның 646-сы шығарылды, екеуі емді жалғастырып жатыр, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді жергілікті билік.
Оқиғаға байланысты екі адам ұсталған.
Полиция донер сатылатын дүңгіршекті жапты. Мамандар талдау үшін сынама алып, донер белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтінін анықтаған.
Оқи отырыңыз: Үш мегаполисте 13 заңсыз мал сою цехы табылды