99 жасында британдық әже ұшақ қанатында ұшып Гиннестің рекордтар кітабына енді

20.10.2026 12:04

Рекорд 2026 жылғы 16 қазанда Ұлыбританияның Сайренсестер қаласында тіркелді

Кадрдан алынған

Ұлыбританияның 99 жастағы тұрғыны Хельга Даффи ұшақ қанатымен жүріп өткен ең жасы үлкен әйел атанып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
 
Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабының ресми сайтында жарияланды.

«Рекорд 2026 жылғы 16 қазанда Ұлыбританияның Сайренсестер қаласында Aerosuperbatics командасының қатысуымен тіркелді. Ол кезде әйелдің жасы 99 жыл 21 күн болған», – делінген ресми сайтта.

Хельга Даффи бұған дейін осындай трюк жасаған 97 жастағы Бетти Бромейдж туралы жаңалықты көріп, оның ерлігіне шабыттанған. Содан кейін өзі де осы әрекетті қайталауды ұйғарған.

Толық көрсету