АҚШ-та футбол соңы атысқа ұласып, үш адам қаза тапты

elements.envato.com
elements.envato.com

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Миссисипи штатындағы Холмс округінде орта мектептің бұрынғы түлектері футбол ойынындағы жеңісін тойлап жатқан сәтте белгісіз екі адам көпшілікке оқ жаудырды. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Associated Press агенттігінің жазуынша, мектеп командасының жеңісі ашық аспан астында тойланып жатқан. Белгілі болғандай, оқиға орнында 300 шақты адам болған. Атыс алдында мерекеге қатысқан бірнеше ер адам төбелескен.

Төбелестің себебі әлі анықталған жоқ, оқ атқандардың да кім екені белгісіз.

Қайтыс болғандардың екеуі 19 жаста болса, үшіншісі 25 жаста болған. Зардап шеккендер тікұшақпен жергілікті ауруханаларға жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Нигерияда жанармай таситын көлік жарылып, 100-ден астам адам қаза тапты

Новости партнеров