АҚШ-та зауыттағы жарылыстан 16 адам қаза тапты

12.10.2025 12:27

Қазір тергеушілер жарылыстың себептерін анықтап жатыр

Видеодан кадр

АҚШ-тың Теннесси штатында әскери жарылғыш заттар шығаратын кәсіпорында болған жарылыс салдарынан 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Associated Press (AP) агенттігінің жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауыша, құрбандардың туыстарына оқиға жайлы хабар жіберілген. Қазір тергеушілер өртеніп кеткен ғимаратты тексеріп, жарылыстың себептерін анықтап жатыр.

Айта кетсек, Accurate Energetic Systems зауытындағы жарылыс 10 қазанда таңертең болған. NBC News телеарнасының мәліметінше, спутниктік суреттерден ғимараттың түгелдей қирап, тек үйінділер қалғаны байқалады.

Хамфрис округінің шерифі Крис Дэвис құтқарушылардың тірі қалғандарды таппағанын растады, бірақ нақты адам санын атамаған.

Accurate Energetic Systems компаниясы әскери, аэроғарыш, тау-кен өнеркәсібі мен ғимараттарды бұзу салаларына арналған жарылғыш және энергетикалық материалдар өндірумен айналысады.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында жеңіл көлік жүк көлігіне соғылып, екі адам қаза тапты