Плейнфилд қаласында болған қатты дауыл кезінде екі әйел қаза болды, олардың көлігін тасқын су өзенге ағызып әкеткен
АҚШ-тың Нью-Джерси штатында толассыз нөсер салдарынан кемінде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Плейнфилд қаласында болған қатты дауыл кезінде екі әйел қаза болды, олардың көлігін тасқын су өзенге ағызып әкеткен.
Нью-Джерси штатының губернаторы Фил Мерфи төтенше жағдай жариялап, кейбір аудандарда екі жарым сағаттың ішінде 150 миллиметрден астам жауын-шашын түскенін мәлімдеді. Ол мұндай төтенше табиғи құбылыстардың жиілеуі мен күшеюін климаттың өзгеруімен байланыстырады.
"Мен бүкіл штат аумағында нөсер жауын мен күшті найзағайға байланысты төтенше жағдай жариялаймын. Үйде болыңыздар, аса қажет болмаса сыртқа шықпаңыздар", — деп жазды губернатор әлеуметтік желі X парақшасында.
Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері Балқаш көлінің деңгейі 32 см-ге көтерілді