Америкалық танымал актерлер Брэд Питт пен Анджелина Джолидің ұлы - Мэддокс Джоли-Питт - әкесінің тегінен бас тартпақшы, - деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі TMZ-ке сілтеме жасап.
Джоли Мэддоксты 2002 жылы Камбоджада асырап алған. Питт Джолимен жақын қарым-қатынас орнатқаннан кейін 2006 жылы баланы ресми түрде өз қамқорлығына алған.
«Мэддокс құжат тапсырып, өз тегін ресми түрде өзгертуді сұрады. Атап айтқанда, тегіндегі “Питт” бөлігін алып тастап, оны “Мэддокс Чиван Джоли” деп өзгертуді көздеп отыр», — делінген жарияланымда.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың тамыз айында Брэд Питтің қызы Шайло да әкесінің тегінен бас тартқан. Бірақ, ол кезде текті өзгерту бойынша ресми сот тыңдауы өтпеген, өтініш еш қарсылықсыз қанағаттандырылған.
Оқи отырыңыз: Адамзатты бұрын-соңды болмаған ыстық күтіп тұр