Емтихан орталықтарына көмек және елдегі төтенше жағдай туралы толығырақ оқыңыз
Францияда кейбір департаменттерде 44 градусқа дейін жетеді деп болжанған рекордтық аптап ыстыққа байланысты дүйсенбі күні 845 мектеп пен колледж жабылады. Ұлттық білім беру министрі Эдуар Жеффре тағы 1,8 мың оқу орнында жұмыс кестесі оқушылар күн ыстықтың шыңына жеткенге дейін, яғни тал түске таман үйлеріне қайта алатындай етіп өзгертілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Сабақтардың тоқтатылуы негізінен ауа райы қауіптілігінің «қызыл» деңгейі жарияланған департаменттерді қамтиды. Министрдің айтуынша, шешімдерді әр аймақтағы нақты жағдайды ескере отырып, жергілікті билік органдары қабылдауы тиіс. Басты қағидат — мемлекеттік қызметтердің үздіксіздігі, бірақ қызметкерлер мен балалардың қауіпсіздігіне қатер төнген бойда мекеме жабылуы керек, деп жазады Le Figaro оның сөзін сілтемелеп.
Сондай-ақ Париж регионы жексенбі күні 500 емтихан орталығына 1 миллион еуро көлемінде «төтенше көмек» бөлінетінін жариялады. Бұл қаражат су шашатын жүйелер, желдеткіштер және басқа да салқындатқыш құралдарды сатып алуға бағытталады. Дәл осы кезеңде Францияда орта оқу орындарында қорытынды емтихандар өтіп жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматыда 8-14 маусым аралығында ауа райы қандай болады