Елде соңғы 11 ай ішінде шахматқа қатысты ешқандай жарыс өткізілмеген
Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысының өкілдері шахмат ойнауға ресми түрде тыйым салып, ол ойынды дінге қайшы деп таныды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.
«Советский спорт» басылымының жазуынша, елде соңғы 11 ай ішінде шахматқа қатысты ешқандай іс-шара немесе жарыс өткізілмеген.
«Шахмат федерациясының көптеген өкілі елден кетіп қалған", – дейді елдегі шахмат федерациясының атқарушы директоры Абасин Мохиби.
Шахматшылар Спорт департаментіне турнирлер өткізу және федерацияға қолдау көрсету туралы өтініш білдірген.
Алайда оларға әмірдің Шахмат Федерациясының құқықтық мәртебесін жою және ойынды харам ретінде ойнауға тыйым салғаны туралы жарлығы бар екенін айтқан.
Оқи отырыңыз: "Менің сүйікті спортым" спорттық-рухани республикалық челленджі өтіп жатыр