Бастары кесілген: Мексиканың АҚШ-пен шекаралас аумағынан 11 мәйіт табылды

Фото: REUTERS
Фото: REUTERS

Қайғылы оқиға орнынан хат табылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мексиканың АҚШ-пен шекаралас тұсіндағы Охинага қаласында (Чиуауа штаты) екеуінің басы кесілген 11 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

El Universal басылымының жаузынша, бұл туралы елдің бас прокуроры Сезар Жауреги Морено мәлімдеді.

«Он бір мәйіт табылды, оның екеуінің басы кесіліп алынған. Мәйіттердің жанында «Ла Линия» қылмыстық тобы қол қойған хат болды. Онда қаза тапқандардың сатқын болғаны жазылған», - делінген хабарламада. 

Адам денелері табылған аймақта қылмыстық топтар Техаспен шекаралас аумақты бақылау үшін үнемі өзара қырқысып жүргені айтылады.

Прокурор сондай-ақ аталған қайғылы оқиғаның «Синалоа» картеліндегі ішкі қақтығыспен байланысы болғанын жоққа шығарды. Айта кетсек, Синалоа штатында шамамен екі аптадан бері қақтығыс болып жатыр. Қазірдің өзінде 40-тан астам адам сол қақтығыстың құрбаны болған.

Оқи отырыңыз: Бір күнде 23 тісін жұлдырып, 12 имплант салғызған ер адам қайтыс болып кетті

Новости партнеров