Қар мен көктайғақ салдарынан 100-ден астам көлік соқтығысты (видео)

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Тасжолды екі жаққа да жабуға тура келді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тың Мичиган штатында 100-ден астам көлік соқтығысты. Жаппай жол-көлік оқиғасына қардың қалың жаууы мен көктайғақ себеп болды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv

Полиция мәліметінше, жол апатына кемінде 40 жүк көлігі қатысқан, қалғаны — жеңіл автокөліктер. Қаза тапқандар жоқ, жарақат алғандар саны шамамен 10 адам.

Оқиға салдарынан тасжол екі бағытта да уақытша жабылды. Жол қызметтері зақымданған көліктерді эвакуациялап жатыр, ал коммуналдық қызмет өкілдері жол бетін қардан тазалауда.

Қазіргі таңда қыс бірден бірнеше штатта күш алып тұр. Қалың жауын-шашыннан кейін синоптиктер ауа температурасының минус 30 градусқа дейін күрт төмендеуін болжауда.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның барлық автожолдарында мобильді байланыс пайда болады

Новости партнеров