Оқиға Алагоас штатындағы Униао-дус-Палмарис муниципалитетінде орналасқан Серра-да-Баррига елді мекенінің маңында болды
Бразилияның шығысында автобус таулы жолдан құлауы салдарынан кем дегенде 17 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алды. Бұл туралы G1 жергілікті порталы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға Алагоас штатындағы Униао-дус-Палмарис муниципалитетінде орналасқан Серра-да-Баррига елді мекенінің маңында болды.
Порталдың мәліметінше, автобуста 40 адам болған. Апат көліктің техникалық ақауы салдарынан орын алып, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.
Алагоас штатының билігі бастапқыда 23 адамның қаза тапқаны туралы хабарлады, бірақ кейінірек бұл санды 17-ге дейін түзетті.
Униан-дус-Палмарис муниципалитетінің билігі зардап шеккендерге көмек көрсету үшін барлық күштерді жұмылдырды, деп жазды G1.
Бразилияның нәсілдік теңдік министрі Аниэли Франко қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.
Бұған дейін Анталия әуежайына қонған Sukhoi Superjet 100 ұшағы өртенгені мәлім болды.
Оқи отырыңыз: Екі қазақстандық АҚШ-тан пошта арқылы есірткіге тапсырыс берген