Дәрігерлер жаңа туған нәрестенің қолын жұлып алған

06.08.2025 20:16

Әйелдің туыстары дәрігерлердің адамгершілікке жатпайтын әрекет жасағанын айтты

Аlmaty.tv

Үндістанның құқық қорғау органдары 30 шілдеде Харьяна штатына қарасты Мандихера қаласындағы ауруханада болған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

The Times of India басылымының жазуынша, аталған жағдай кезінде дәрігерлер салғырттығынан жаңа туған шақалақтың қолы жұлынып кеткен.

Басылым мәліметінше, босану кезінде медицина қызметкерлерінің дөрекі әрі сауатсыз әрекетінің салдарынан сәбидің бір қолы толықтай жұлынып кеткен. Медициналық хаттамалар өрескел бұзылған.

Жағдайға наразы болған анасының туыстары дәрігерлердің адамгершілікке жатпайтын әрекет жасағанын алға тартты. Абырой болғанда, сәби тірі қалып, көрші қаладағы басқа емханаға ауыстырылған.

Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, ауруханада медициналық көмек көрсету тәртібі мен Үндістан конституциясында бекітілген денсаулық пен өмір сүру құқығының бұзылғанын анықтады.

Комиссия баланың қолының жұлынып кетуіне не себеп болғанын және сол сәтте кезекшілікте болған дәрігерлер мен өзге де медицина қызметкерлері туралы толық ақпаратты сұратып жатыр. Сонымен қатар жаңа туған нәрестенің қолы не себепті ажырап қалғанына нақты түсініктеме беруді және оның емі мен оңалтуына қатысты қабылданған шараларды ұсынуды талап етті.

Оқи отырыңыз: Ақтауда екі қызды құтқарып, өзі суға батып кеткен азаматтың отбасына пәтер берілді