Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын иеленді

13.04.2026 12:30

Димаш пен Макао символы «МайМай» қызыл кілемде жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді

Dimashnews

11 сәуірде Макаодағы (Қытай) Venetian Macao Arena сахнасында «2026 Weibo Gala» мәдени алмасу кеші салтанатты түрде ашылды. Әлемдік жұлдыздар бас қосқан айтулы шараға Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген қатысып, кештің музыкалық бағдарламасында өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv Dimashnews-ке сілтеме жасап.

Фестивальдің қызыл кілемінде Макаоның «МайМай» талисманымен бірге бой көрсеткен әнші мәдениет пен туризм арасындағы алтын көпірдің символына айналды. Димаш қытайлық жанкүйерлерімен қауышқанына қуанышты екенін жеткізіп, қаланың тілмен айтып жеткізгісіз сұлулығына тәнті болды.

Кештің ең маңызды сәті — Димаш Құдайбергеннің Қытайда тұңғыш рет продюсер ретінде марапат алуы болды. Фестивальдің финалдық бөлімінде ол өзінің авторлық «Fire» туындысын орындап, көрерменді тәнті етті. Әнші бұл композицияны ағылшын тілінде шырқап қана қоймай, қазақ тілінде реп оқып, сахна ажарын аша түсті. Маржан өзенінің жағасында өткен бұл кеш екі ел арасындағы мәдени байланыстың жаңа парағын ашты.

Оқи отырыңыз: Неймар қазақстандық киберспортшымен желіде тілдесті