Елу жыл бойы өлім жазасын күткен азамат ақталып шықты

Мира Байбек
Noah Matsuki Halbur/YouTube
Noah Matsuki Halbur/YouTube
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жапония соты 50 жылдан астам уақыт бойы өлім жазасын күткен азаматты ақтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Kyodo агенттігі хабарлағандай, Жапонияның Сидзуока префектуралық соты 1968 жылы бастығын, оның әйелі мен екі баласын өлтірді деп айыпталып, өлім жазасына кесілген 88 жастағы бұрынғы боксшы Ивао Хакамаданың ісін қайта қарау барысында ақтап шығарды.

«Хакамада 1966 жылы қамауға алынған болатын. 20 күндік жауап алудан кейін ер адам бірнеше адамды өлтіргенін мойындағанымен, сотта ол полиция тарапынан қатты азапталғандықтан тағылған айыпты мойындағанын мәлімдеген», - делінген хабарламада.

Қорғаушы тарап істегі дәлелдердің ойдан шығарылғанын алға тартқанымен, 1968 жылдың қыркүйегінде Хакамада кінәлі деп танылып, өлім жазасына кесілді. Үкім 1980 жылы бекітілді.

«2014 жылы Сидзуока соты қылмыс орнынан табылған генетикалық материалдан алынған қылмыскердің ДНҚ-сы Хакамаданың ДНҚ-сына сәйкес келмейтінін дәлелдеген. Осыдан кейін сотталушы босатылғанымен, кейіннен Токио соты ол шешімнің күшін жойған. Ал 2023 жылы іс Жапонияның Жоғарғы сотына берілді», - делінгене хабарламада.

2011 жылы аталған азамат өлім жазасына кесуді ең көп күткен адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Оқи отырыңыз: Түркияда өзбек қызына қышқыл шашып өлтірген ер адам қамауға алынды

Новости партнеров