Эр-Рияд әуежайына жасалған шабуылдан 12 адам қаза тауып, 300 адам жараланды
Зардап шеккендер арасында ауыр халде жатқандар бар
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуыл салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы 309 адам жараланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сауд Арабиясы Азаматтық авиация жөніндегі бас басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендер арасында ауыр халде жатқандар бар.
Ведомство мәліметінше, қаза тапқандардың төртеуі – Сауд Арабиясының азаматы, екеуі – Бангладеш азаматы. Сондай-ақ көз жұмғандар арасында АҚШ, Мысыр, Иордания, Сирия, Палестина және Судан азаматтары бар.
Қазіргі кезде Жараланғандар ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек алып жатыр. Шабуыл әуежай инфрақұрылымына да материалдық залал келтірген. Қазір шығын көлемі анықталып жатыр.
Шабуылдан кейін әуежай жұмысы уақытша тоқтатылды. Қауіпсіздік жағдайы тексеріліп, келтірілген залалға баға беріліп жатыр.
Оқи отырыңыз: 11 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр