Республикалық референдумға дауыс беру шетелде басталды

06.10.2024 03:24

Алғашқы болып Сеул қаласындағы 390-шы сайлау учаскесі ашылды

24KZ

Жергілікті уақыт таңғы 7-де Сеул қаласындағы 390-шы сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшіісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Мұнда сайлау комиссиясының 5 қызметкері жұмыс істейді. Учаскедегі жұмыс мемлекеттік әнұранмен басталды.

Алғашқы болып дауыс берген Камила Маутова болды. Ол Оңтүстік Кореяда қызметтік іссапарда жүр. Учаске кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Бұл Астана уақыты бойынша 16 сағат.

Референдумға шамамен 150 адам дауыс береді деп күтілуде.

Оқи отырыңыз: Ерлан Қарин АЭС салу жөніндегі референдумға дайындықтың қорытындысын айтты