Гонконгтағы тұрғын үй кешеніндегі өрттен қаза тапқандар саны 94-ке жетті

28.11.2025 08:51

Өрт сөндіру қызметтің мәліметінше, көпшілік мәйіттер өрт аса қатты болған жеті ғимараттың екеуінен табылған

Синьхуа

Алапат өрт салдарынан Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде қаза тапқандар саны 94-ке жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өрт сөндіру қызметтің мәліметінше, көпшілік мәйіттер өрт аса қатты болған жеті ғимараттың екеуінен табылған. Зардап шеккендердің саны да артты және 155 адамға жетті. Бұған дейін шамамен 100 адамның зардап шеккені хабарланған еді.

Жарақат алғандар арасында 11 өрт сөндіруші де бар.

Оқи отырыңыз: Гонконгтағы жойқын өрттен қаза тапқандар саны 83-ке жетті