Гонконгтегі өрт: 55 адам қаза тауып, 279 тұрғын әлі де іздестіріліп жатыр

South China Morning
South China Morning

Апатқа кінәлі ретінде құрылыс компаниясының 3 өкілі тұтқынға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Гонконгтегі тұрғын үй кешенінде болған өрттен 55 адам қаза тауып, 123 азамат зардап шекті. 279 тұрғын әлі де іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, қаланың солтүстік бөлігіндегі Тай По ауданында қызыл жалын кеше күндіз тұтанып, 7 биік ғимаратты шарпыған. Құтқарушылар бүгін таңертең тек 4 көпқабатты үйдегі өртті сөндіріпті. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қаза тапқандардың арасында 1 өрт сөндіруші бар. 4 адам ауруханада жан тапсырса, 51-і оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Қазір апатқа кінәлі ретінде құрылыс компаниясының 3 өкілі тұтқынға алынып, тергеліп жатыр.

Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты.

Жолданған жеделхатта Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін білдірді

Кешенде шамамен 2 мың пәтер бар, онда 4 мыңға жуық тұрғын тұратынын еске салайық.

Новости партнеров