Индонезияда күшті жер сілкінісі болды

21.04.2025 08:37

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ

Jens Aber/unsplash.com/

Индонезияда 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында хабарланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Жер сілкінісінің ошағы Соронг қаласынан оңтүстікке қарай 295 шақырым жерде орналасқан. Апат ошағы 34 шақырым тереңдікте орналасқан. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Астраханда тұрғын үйден өрт шығып, бес бала қаза тапты