Индонезияда мектеп аумағындағы мешітте жарылыс болды

07.11.2025 16:06

Оқиға орнына арнайы жасақ пен құтқару қызметтері жұмылдырылды

AP

Индонезия астанасы Джакартада мектеп кешенінің аумағындағы мешітте жарылыс болып, 50-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қалалық полиция басшысы Асеп Эди Сухери жарақат алғандардың бір бөлігі ауруханаларға жеткізілгенін мәлім еткен.

«Жарылыстың нақты себебі әзірге анықталған жоқ», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына арнайы жасақ пен құтқару қызметтері жұмылдырылды. Билік жарылыстың мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмысын бастады.

Оқи отырыңыз: Филиппинде тайфун салдарынан қаза тапқандар саны 188-ге жетті