Иранда сот ғимаратына жасалған қарулы шабуылдан 5 адам қаза тапты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Сондай-ақ 13 адам жарақат алған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан-Белуджистан провинциясының орталығы Захедан қаласында сот ғимаратына қарулы шабуыл жасалып, соның салдарынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Tasnim News агенттігінің хабарлауынша, шабуылдан 13 адам жарақат алған.

Қаза тапқандардың басым бөлігі — бейбіт тұрғындар. Жараланғандар арасында бір әйел мен бала да бар.

Шабуылды «Джейш әл-Адль» атты экстремистік топ өз мойнына алғаны хабарланды. Иранның қауіпсіздік күштерінің мәліметінше, қарулы топ сот ғимаратына баса-көктеп кіріп, граната лақтырып, қарулы қақтығысқа түскен. Қауіпсіздік қызметі оқиға орнында үш шабуылдаушының көщін жойды.

Қарулы қақтығыс бірнеше сағатқа созылған. 

Оқи отырыңыз: Аутизмге шалдыққан баланы балағаттаған: автобустағы әйелдің әрекеті жұрттың ашуын туғызды

Новости партнеров