Сондай-ақ 13 адам жарақат алған
Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан-Белуджистан провинциясының орталығы Захедан қаласында сот ғимаратына қарулы шабуыл жасалып, соның салдарынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Tasnim News агенттігінің хабарлауынша, шабуылдан 13 адам жарақат алған.
Қаза тапқандардың басым бөлігі — бейбіт тұрғындар. Жараланғандар арасында бір әйел мен бала да бар.
Шабуылды «Джейш әл-Адль» атты экстремистік топ өз мойнына алғаны хабарланды. Иранның қауіпсіздік күштерінің мәліметінше, қарулы топ сот ғимаратына баса-көктеп кіріп, граната лақтырып, қарулы қақтығысқа түскен. Қауіпсіздік қызметі оқиға орнында үш шабуылдаушының көщін жойды.
Қарулы қақтығыс бірнеше сағатқа созылған.
Оқи отырыңыз: Аутизмге шалдыққан баланы балағаттаған: автобустағы әйелдің әрекеті жұрттың ашуын туғызды