Италияда жер сілкінді

30.07.2025 15:27

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ

Jens Aber/unsplash.com/

Италияның Авеллино және Беневенто провинциялары арасындағы аумақта магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуі Ирпиниядағы Бонито қаласынан 3 шақырым қашықтықта, 17 шақырым тереңдікте тіркелген. Эпицентрге ең жақын орналасқан елді мекендер — Авеллино провинциясындағы Мелито-Ирпино, Гроттаминарда, Мирабелла-Эклано және Фонтанароза қалалары, сондай-ақ Беневенто провинциясындағы Апиче қаласы.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Айта кетейік, дәл осы өңірде 1980 жылы күшті жер сілкінісі болған еді.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да ірі көлемде есірткі тәркіленді