Қырғызстанда мектептер қашықтан оқытуға көшті

08.12.2025 13:37

214 балабақша уақытша жабылды

Almaty.tv

Тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекция жағдайларының көбеюіне байланысты 214 балабақша уақытша жабылды, ал 207 мектеп қашықтан оқытуға көшті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомствоның мәліметінше, Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бұйрығына сәйкес, оқу процесі онлайн форматқа көшіріліп жатыр. Мектептердің Білім министрлігіне қашықтан оқытуға көшкендері туралы хабарлауы ғана жеткілікті.

"Білім беру мекемелері қазіргі уақытта аурулардың алдын алудың күшейтілген шараларын жүзеге асырып отыр. Республика бойынша 207 мектеп сабақтар онлайн өткізіп жатыр, ал 214 балабақша уақытша карантинде", — делінген хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: 2026 жылы 109 шақырым өзен арнасы күшейтіледі