Қытайда нөсер жаңбыр салдарынан 65 мың адам көшірілді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Кейбір аударда бір тәулікте 186 мм-ге дейін жауын-шашын түскен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайдың Сычуань провинциясында нөсер жаңбыр мен су тасқыны қаупіне байланысты шамамен 65 мың тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қытайдың Орталық телеарнасының хабарлауынша, 1 тамызда провинцияның бірнеше қаласына, оның ішінде әкімшілік орталығы Чэндуға тағы да қатты нөсер жауған. Кейбір аудандарда бір тәулікте 186 мм-ге дейін жауын-шашын түскен.

Қалыптасқан жағдайға байланысты жергілікті билік қауіпті аймақтардағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруді ұйымдастырды.

Ресми мәліметке сәйкес, Сычуаньда мамыр айында басталған су тасқыны маусымы басталғалы бері жалпы саны шамамен 881 мың адам эвакуацияланған.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар 2026 жылдың тамыз айында қалай демалады