Камчаткада күшті жер сілкінісі болды

28.07.2025 09:58

Қала тұрғындарының түрлі аудандарынан жазылған пікірге қарағанда, сейсмикалық оқиға айтарлықтай сезілген

Maria Krasnova

Ресейдің Петропавл-Камчатский қаласынан 99 шақырым қашықтықта магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісі туралы Камчаткадағы Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Telegram-арнасы хабарлаған. 

Қызметтің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі 52 шақырым тереңдікте орналасқан. Қала тұрғындарының түрлі аудандарынан жазылған пікірге қарағанда, сейсмикалық оқиға айтарлықтай сезілген.

Оқи отырыңыз: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады