Күн бетіндегі жарқылдың белсенділігі күрт артты

Melissa van Niekerk/ unsplash.com/
Melissa van Niekerk/ unsplash.com/

Ғалымдар қазіргі жарқыл белсенділігі Жерге тікелей қауіп төндірмейтінін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

11 шілдеден бастап Күндегі жарқыл белсенділігі қарқынды түрде өскен. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясы Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы мен Сібір бөлімшесінің Қолданбалы және теориялық геофизика институты хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 Ғалымдардың айтуынша, 11–12 шілде аралығында, яғни екі тәуліктен аз уақыт ішінде Күн бетінде 17 жарқыл тіркелген. Бұл көрсеткіш шілде айымен салыстырғанда үш есе көп.

"Кешегі күннің ортасынан бастап Күн бетінде, соның ішінде Жерден көрінбейтін артқы жағында да, белсенді аймақтардың саны мен көлемі күрт өсті. Оларды қазір еуропалық Solar Orbiter аппараты бақылап отыр. Яғни, бұл — ғаламдық сипаттағы белсенділік", — делінген зертхана хабарламасында.
12 шілде күні таңертең Күннің сол жақ шетінде екі M деңгейіндегі (орташа қуатты) жарқыл тіркелді:

M1.4 қуатты жарқыл — 07:02–де (Мәскеу уақыты бойынша),

M2.3 қуатты жарқыл — 11:34–те тіркелді.

Ғалымдар қазіргі жарқыл белсенділігі Жерге тікелей қауіп төндірмейтінін айтты.

"Алдағы бірнеше күнде M деңгейіндегі жарқылдар саны артуы мүмкін. Алайда біз жеке ескерту хабарламаларын тек аса қуатты оқиғалар кезінде немесе Жерге әсер етуі мүмкін жағдайларда ғана таратамыз. Барлық жарқылдардың тізбегін зертхананың ресми сайтынан бақылауға болады", — деп қосты мамандар.

Оқи отырыңыз: Он жылға жас болып көрінудің қарапайым жолы қандай

 

Новости партнеров