Қытайда көлікте отырған 5 адам қайтыс болды

Wolfgang Hasselmann/unsplash.com/
Wolfgang Hasselmann/unsplash.com/

Қазір апаттың салдарын жою шаралары жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайдың оңтүстік-батысында тасжолды басып қалған көшкіннен бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Синьхуа» агенттігінің жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға Пуэр қаласы аумағында болған, онда тау жынысы ауыл жолын басып қалған. Үйінді астында жеңіл көлік қалып қойып, жолаушылар мен жүргізуші көз жұмды.

«Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында жексенбі күні болған көшкін салдарынан бес адамның қаза тапқаны расталды», - делінген хабарламада.

Басылымның хабарлауынша, құтқару операциясына 80-нен астам адам қатысқан, олардың арасында өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, сондай-ақ медицина және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері бар. Сондай-ақ бес экскаватор тартылды.

Қазір апаттың салдарын жою шаралары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Германияда пойыз апатында үш адам қаза тауып, 34 жолаушы жарақат алды

Новости партнеров