Әлемде электромобильдердің сатылымы артып келеді

28.07.2025 12:20

Маусым айында электромобильдердің сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24 пайызға артып, 1,8 миллион данаға жеткені атап өтілді

CHUTTERSNAP/ unsplash.com/

Британдық Rho Motion зерттеу компаниясының мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы алты айында электромобильдердің жаһандық сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28 пайызға өсіп, 9,1 миллион дананы құрады, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Маусым айында электромобильдердің сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24 пайызға артып, 1,8 миллион данаға жеткені атап өтілді.

Бұл тұрғыда Қытай сөзсіз көшбасшы. Дүние жүзінде сатылған көліктердің 5,5 миллионы Қытайға тиесілі.

Еуропада 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында электромобильдердің сатылымы 26%-ға өсіп, 2 миллион дана болды.

Солтүстік Америкада (АҚШ, Канада, Мексика) соңғы алты айда сатылым 3%-ға төмендеп, тек 900 мың электромобиль сатылды.

Қалған елдерде сату көлемі 40%-ға өсіп, 700 мың электромобиль сатылды.

 Оқи отырыңыз: Ақтауда 4 адам суға батып кетті