Мексикада пойыз апатынан 13 адам көз жұмды

Depositphotos
Depositphotos

Пойызда тоғыз экипаж мүшесі және 241 жолаушы болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мексиканың Оахака штатындағы Нисанда елді мекені маңында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, салдарынан 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ел президенті Клаудия Шейнбаум өзінің Х-тегі парақшасында мәлімдеді.

"Әскери-теңіз күштері министрлігі маған мемлекетаралық пойыздың апаты салдарынан, өкінішке қарай, 13 адамның қаза тапқанын хабарлады. 98 адам жарақат алды, олардың бесеуінің жағдайы ауыр", — деп жазды Шейнбаум X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, зардап шеккендер Матиас-Ромеро мен Салина-Крус қалаларындағы Әлеуметтік сақтандыру институтының медициналық мекемелеріне, сондай-ақ Хучитан және Икстепек қалаларының ауруханаларына жеткізілген. Сонымен қатар Шейнбаум Әскери-теңіз күштері министрі Раймундо Педро Моралес Анхелестің оқиға орнына жіберілгенін атап өтті.

Пойызда тоғыз экипаж мүшесі және 241 жолаушы болған. Құрам екі локомотивтен және төрт жолаушылар вагонынан тұрған.

Оқи отырыңыз: Аяз Ата мен Ақшақарды үйге шақыру қызметі қанша тұрады

 

Новости партнеров