Мексикада нөсер жаңбырдан болған су тасқынынан 41 адам қаза тапты

© Associated Press
© Associated Press

Із-түзсіз кеткен 27 тұрғынды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мексикада толассыз жауған жаңбырдан болған су тасқыны салдарынан кемінде 41 адам қаза тауып, 27 адам із-түссіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы елдің Азаматтық қорғаныс ұлттық үйлестіру қызметі (CNPC) әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Ресми дерек бойынша, Веракрус штатында – 15, Идальго штатында – 16, Пуэблада – 9, ал Керетарода 1 адам көз жұмған.

Із-түзсіз кеткен 27 тұрғынды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті билік зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуде.

Табиғат апатынан Веракрус штатының солтүстігі, соның ішінде Аламо-Темапаче, Поса-Рика, Туспан, Эль-Иго, Темпоаль және Иламатлан муниципалитеттері қатты зардап шеккен.

Оқи отырыңыз: Адамға алғаш рет шошқаның бауыры салынды: науқас 171 күн өмір сүрді

 

Новости партнеров