Моңғолияда қарлы дауыл туралы ескерту жарияланды

09.10.2024 11:32

Желдің жылдамдығы 14-16 м/с дейін күшейеді деп болжанып отыр

Моңғолияда қарлы дауыл туралы ескерту жарияланды
elements.envato.com

Моңғолияның Метеорология және қоршаған ортаны бақылау институты сейсенбі күні қарлы боран туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 8 қазанға қараған түннен бастап батыс, орталық және Гоби аймақтарында, 9 қазанда елдің шығыс облыстарында қарлы боран соғып, кейіннен Моңғолия аумағының басым бөлігінде қар жауады. 

Желдің жылдамдығы 14-16 м/с дейін күшейеді деп болжанып отыр.  

Метеорология және қоршаған ортаны бақылау институты қарлы боранға және ауылдық жерлерде жолдың көрінбеуіне Ұлан-Батор тұрғындарын аймақтарға сапарға шықпауға, ал моңғол көшпелі малшыларын жайылымдық жерлерде мал бағуда қырағы және сақ болуға шақырды.

Оқи отырыңыз: Елімізде ең жоғары жалақы ұсынылатын салалар аталды