Бразилия құрамасының танымал шабуылшысы Неймар Жуниор өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында отандасымыз Данил «Molodoy» Голубенконың суретін бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Футбол жұлдызы қазақстандық ойыншының Бразилия құрамасының жейдесімен түскен суретіне назар аударған. Көп ұзамай спортшылар арасында қысқаша диалог өрбіді:
Неймар суреттегі жігіттің «Molodoy» екенін сұраса, Данил оны растап жауап берген.
Айта кетейік, 21 жастағы Данил Голубенко бірнеше жылдан бері бразилиялық Furia командасының сапында өнер көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта ол ұжымымен бірге Рио-де-Жанейро қаласына келіп жетті. Бүгін түнде отандасымыз IEM Rio турнирі аясында алғашқы кездесуін өткізеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда мектеп бітіру кештерін өткізу ережелері қатаңдатылады