Сонымен қатар онда қазіргі таңда зардап шеккен 3 мың 661 адамның құтқарылған
Жексенбі күні түстен кейін Непалда нөсер жаңбырдан соң пайда болған су тасқыны мен көшкіндердің салдарынан барлығы 148 адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Табиғи апат салдарынан 101 адам зардап шегіп, 55-і із-түзсіз жоғалып кетті, делінген Непал полициясының хабарламасында.
Сонымен қатар онда қазіргі таңда зардап шеккен 3 мың 661 адамның құтқарылғаны айтылады.
Непалдың орталық бөлігіндегі Дхадинг округінде көшкін басып қалған 35 адамның денесі мен үш жолаушылар автобусы шығарылды.
Құқық қорғау органдарының деректеріне қарағанда, жұмадан сенбіге дейін тоқтаусыз жауған нөсер жауын салдарынан пайда болған су тасқыны мен көшкіндердің салдарынан елдің басты автомагистральдарында жол жоқ. Соның салдарынан жүздеген адам қиын жағдайға тап болды.
Осыған дейін Непалда 27 қыркүйектен бергі толассыз жауған жаңбырдан соң болған су тасқыны мен көшкіннің салдарынан үлкен жолдар жабылып, ішкі әуе қатынасы үзіліп, кем дегенде 66 адам қаза тапқан.
Оқи отырыңыз: ІІМ: Үш өңірде бопсалаушылардың қылмыстық топтары ұсталды