Іздеу амалдары жалғасып жатыр
Нигерияның Бенуэ штатында жолаушылар кемесі суға батып, 20 адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Анадолы ақпарат агенттігі.
Бенуэ штатының полиция өкілі Кэтрин Анэненің ақпаратынша, базардан қайтып келе жатқан адамдар мінген ағаш қайық Игату ауданындағы Бенуэ өзеніне батып кеткен.
Іздеу-құтқару жұмыстары барысында 20 адамның денесі табылды, 11 адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілді.
Іздеу амалдары жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды