Қабынуға қарсы әсер және теріні қорғау: сарапшы күнделікті жаңғақ жеудің пайдасын түсіндірді

29.06.2026 11:30

Дәрігер Ирен Пинилья ұзақ өмір сүру мен тері сұлулығына пайдалы жаңғақтарды атады

Depositphotos.com

Дұрыс тамақтану — мықты денсаулық пен ұзақ ғұмырдың басты кепілі. Белгілі дәрігер Ирен Пинилья адам ағзасын жасартатын және өмір жасын ұзартуға септігін тигізетін жаңғақтың үш түрін атады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Шетелдік Deia басылымының мәліметінше, маман күнделікті мәзірге қосуға тиіс ең пайдалы суперфудтардың маңызына тоқталған.

Денсаулыққа пайдалы үздік үштік
  • Грек жаңғағы: дәрігер бұл өнімді тізімде бірінші орынға қойды. Оның құрамында омега-3 май қышқылдарының көп мөлшері бар. Бұл қышқылдар бүкіл ағзаға күшті қабынуға қарсы әсер беріп, қан тамырлары мен жүректің жұмысын жақсартады.
  • Бадам (миндаль): бұл жаңғақ тері сұлулығы мен жастықты сақтауға таптырмас құрал. Бадам дәрумендерге, әсіресе Е витаминіне өте бай. Ол бос радикалдарды бейтараптандырып, жасушалардың қартаю процесін тежейді және терінің созылмалылығын арттырады.
  • Фундук (орман жаңғағы): бұл өнім қан айналымы жүйесін ретке келтіруге көмектеседі. Дәрігердің айтуынша, фундук қандағы «зиянды» холестерин деңгейін төмендетіп, жүрек ауруларының алдын алады.
Ең жоғары пайда алу үшін қалай тұтыну керек?

Жаңғақтар ағзаға барынша шипалы болуы үшін оларды таңдау мен жеудің ережелерін білген жөн. Ирен Пинильяның сөзінше, адам баласына қажетті күнделікті орташа норма — небәрі 30 грамм (шағын бір уыс).

Сондай-ақ, жаңғақтың шикі немесе тұзсыз, ешқандай қоспасыз жеңіл қуырылған түрлеріне басымдық берген дұрыс. Құрамында тұзы, қанты, тәтті глазурі немесе химиялық дәмдеуіштері бар өнімдер өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтып, керісінше, артық салмақ пен қан тамырларының бітелуіне әкеп соғуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алматыда 29 маусым мен 5 шілде аралығында ауа райы қандай болады