Швецияда тас күзенін жою операциясы басталды

Peter van der Meulen/ unsplash.com/
Peter van der Meulen/ unsplash.com/

Бұл жобаның іске асуы бұған дейін қаржыландырудың жетіспеушілігіне байланысты тоқтатылған еді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Швецияда миллиардтаған крон шығын келтіруі мүмкін инвазиялық тас күзеніне (каменка) қарсы күрес бағдарламасы қайта іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Агенттік атап өткендей, бұл жануар сырттай зиянсыз көрінгенімен, көбіне көліктер мен үйлерге кіріп, кабельдерді, ішкі әрлеу жабдықтарын бүлдіріп, айтарлықтай залал келтіреді. Сонымен қатар, ол жергілікті фаунаға, әсіресе құстарға үлкен қауіп төндіреді.

Бұл жобаның іске асуы бұған дейін қаржыландырудың жетіспеушілігіне байланысты тоқтатылған еді. Алайда биыл Швеция үкіметі инвазиялық түрге қарсы күресті жалғастыру туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта жұмыс елдің оңтүстік бөлігінде белсенді жүргізіліп жатыр.

Инвазиялық түрлермен күрес жобасының жетекшісі Пер-Арне Оленнің айтуынша, егер бұл күзен түрінің санын шектемесе, ел инфрақұрылымының әртүрлі секторларына айтарлықтай шығын келуі мүмкін.

Тас күзен алғаш рет Швецияда 2018 жылы тіркелген. Оның табиғи мекені – Еуропаның оңтүстік өңірлері.

Оқи отырыңыз: Қытайдың аспалы көпірі үзіліп, 5 адам қайтыс болды

 

Новости партнеров