Тәжікстанда жер сілкінісінен бір бала қаза болды

Мира Байбек
Depositphotos
Depositphotos

Зілзала салдарынан 17 тұрғын үй ішінара қирап қалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін таңертең Тәжікстанда болған жер сілкінісі салдарынан Рашт облысындағы ауылдардың бірінде үш жасар баланың қаза болғаны хабарланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

ТАСС агенттігінің жазуынша, бұл туралы республика үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің Дағдарыс кезіндегі басқару орталығы мәлімдеген.

«Рашт облысындағы ауылдардың бірінде тұрғын үй қабырғасының опырылуы салдарынан үйінді астында қалған баланың мәйіті табылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін, жексенбі күні таңертең Тәжікстанның Рашт аймағында 5 балдық жер сілкінісі болып, соның салдарынан 17 тұрғын үй ішінара қирап қалған.

Зілзала дүмпуі Душанбеде де сезіліп, 3 балл болғаны нақтыланды.

Қазіргі кезде оқиға орнында төтенше жағдайлардың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі сезілді

Новости партнеров